15 мамырда елдің батысында аптап ыстық, солтүстікте үсік күтіледі
Бірқатар өңірде жел күшейіп, шаңды дауыл болады
15 мамырға арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын синоптиктер ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Елдің батысында күн ыстық болады, ал қалған өңірлерде салқын ауа райы сақталады.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +21…+23°C. Топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +30…+32°C.
Ақтауда күн ала бұлтты, түнде ара-тұра жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.
Ақтөбеде күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C.
Атырауда күн ала бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Шаңды дауыл соғып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +31…+33°C.
Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +24…+26°C.
Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +18…+20°C. Топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді.
Көкшетауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +21…+23°C.
Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +21…+23°C.
Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +24…+26°C.
Қызылордада күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.
Павлодарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +14…+16°C. Топырақ бетінде -1°C-қа дейін үсік жүреді.
Петропавлда күн ала бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +23…+25°C.
Семейде күн ала бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C.
Талдықорғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +17…+19°C.
Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +25…+27°C.
Түркістанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C.
Оралда күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.
Өскеменде күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C.