Найзағай, үсік, шаңды дауыл: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
Синоптиктер жаңбыр, найзағай, үсік, екпінді жел және шаңды дауыл болатынын ескертті
15 мамырға арналған ауа райына байланысты Шымкент пен Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, тұман, үсік, екпінді жел және шаңды дауыл болатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең батыста тұман күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15–20 м/с-қа жетеді. Шығыста түнде 1 градус үсік жүреді. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Батысы мен солтүстігінде түнде 4 градусқа дейін үсік жүреді. Батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында топырақ бетінде түнде 1 градус үсік күтіледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қарағанды облысында шығыстан соққан желдің екпіні оңтүстікте таңертең және күндіз 15–18 м/с болады. Солтүстігі мен шығысында түнде 2 градус үсік жүреді. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында топырақ бетінде түнде 2 градус үсік болады.
Ұлытау облысында шығыстан соққан желдің екпіні солтүстікте, оңтүстікте және орталықта 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ұлытау облысы мен Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соққан желдің екпіні батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с болады. Солтүстігі мен шығысында түнде 3 градус үсік жүреді. Орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысының солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады, оңтүстігінде жаңбыр және найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні солтүстікте, шығыста және орталықта 15–20 м/с болады. Батысында түнде 2 градус үсік жүреді. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде желдің екпіні күндіз 15–18 м/с болады.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз батысында және шығысында 17–22 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Қонаевта желдің екпіні 18 м/с болады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23–28 м/с болады. Таулы аудандарда түнде 1 градус үсік жүреді. Оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 23–28 м/с болады. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте желдің екпіні 15–20 м/с болады. Түркістан қаласында күндіз шаңды дауыл соғып, желдің екпіні кей уақытта 23 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні түнде облыстың шығысында 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, шығысында және орталығында 23–28 м/с болады. Солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с болады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығысында және орталығында күндіз шаңды дауыл көтеріледі. Батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні солтүстік-шығысында және орталығында 15–20 м/с болады. Солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз аптап ыстық 35 градусқа дейін жетеді. Солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні күндіз солтүстікте, оңтүстікте және шығыста 15–20 м/с-қа жетеді. Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с болады.