КСРО заманында салынған: ШҚО-да 40 жыл жөндеу көрмеген жолға жаңа асфальт төселетін болды (ВИДЕО)
Самар ауданында 40 жыл жөнделмеген жол қалпына келтіріледі
ШҚО-да КСРО заманынан бері, яғни 40 жыл жөндеу көрмеген жолға жаңа асфальт төселетін болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Yk-news.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында биыл Мариногорка – Жұмба бағытындағы ұзындығы 38 шақырым болатын жолға (Мариногоркаға бұрылыс тұсынан бастап) жөндеу жұмыстары басталады.
«Бұл жол учаскесі шамамен 40 жылдан бері жөнделмеген. Оның жай-күйі туралы мәселені тұрғындар бірнеше рет көтерген болатын. Атап айтқанда, 2025 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен өткен есептік кездесуде де айтылды. Қазіргі таңда мәселе аудан деңгейінде шешімін тауып жатыр. Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов ТҮКШ бөлімі, ауылдық округ әкімі және Қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен көшпелі жиын өткізіп, жұмыс кезеңдерін айқындады», – деп хабарлады Самар ауданы әкімдігі.