08.05.2026, 10:19
Жаңалықтар
Тоқаев Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындады
Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Ол Алматы халық шаруашылығы институтының халық шаруашылығын жоспарлау факультетін бітірген (1989), экономист.
- 1989 жылдан – Қызылорда облысы Сырдария ауданы Жамбыл кеңшарының экономисі;
- 1990 жылдан – Қызылорда облысы Сырдария аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің экономисі, экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы;
- 1993 жылдан – Қызылорда қаласы «қазақстан Әлем-Банкі» басқармасының несиелік маманы, несие бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары;
- 1996 жылдан – Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі;
- 1998-2001 жылдары – Қызылорда облысы Халық банкі филиалының директоры;
- 2002 жылдан – Қызылорда облыстық Еңбек, халықты еңбекпен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары;
- 2004 жылдан – Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің бастығы;
- 2006 жылдан – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Өрт сөндіруші» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті;
- 2008 жылдан – Қызылорда қаласының әкімі;
- 2010 жылдан бері – Қызылорда облысы қаржы басқармасының бастығы;
- Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – аппарат басшысы;
- 2017 жылдың маусым – қазан айларында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;
- 2017-2021 жылдары Қазалы ауданының әкімі;
- 2021-2023 жылдары Сырдария ауданының әкімі;
- 2023 жылдың наурыз айынан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты болды.
Айта кетейік, осыған дейін Қызылорда облысының әкімі болған Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалғаны хабарланған.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды