Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Нұрлыбек Нәлібаевтың кандидатурасын Мәжіліс қолдады
Мәжіліс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне Нұрлыбек Нәлібаевтың кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың кандидатурасы келісілді.
Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.