Тоқаев немістің Рейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып кірген батырға «Халық қаһарманы» атағын берді
Кенжебай Мәденов Батыс Қазақстан облысының тумасы
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Кенжебай Мәденұлы Мәденовке «Халық қаһарманы» атағын берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Кенжебай Мәденов 1974 жылы, небары 49 жасында қайтыс болған. 1925 жылы туған ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нағыз ерлік танытқан. Тарихи деректерге сүйенсек, ол немістің Рейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып кірген жауынгер еді. Бүгін Тоқаев оған «Халық қаһарманы» атағын берді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені де берілді», - деп хабарлайды Ақорда.