Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Оқушылар челленджді еліміздің басқа мектептерінің түлектеріне жолдады

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласындағы 11-сынып оқушылары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджін өткізді. Инициатива аясында түлектер мектеп аумағына туя мен үйеңкі көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ағаш отырғызу – мектепке деген алғыс пен түлектік жылдардың жарқын естелігінің символына айналды. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Оқушылар челленджді еліміздің басқа мектептерінің түлектеріне жолдап, бастаманы қолдауға және көгалдандыруға үлес қосуға шақырды.

«Бұл біз үшін жай ғана акция емес. Жылдар өткен соң бұл ағаштар бізді еске салып, әр адам қаласына пайдалы іс жасай алатынын көрсетсе дейміз», – деді түлектердің бірі.

Іс-шара сондай-ақ «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында білім беру және тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған, яғни білім мен құндылықтарды нақты істер арқылы ұштастыруды көздейді.