Атырауда тасжолда есінен танып қалған шетелдік жүргізушіні полицейлер құтқарып қалды (ВИДЕО)
Полицейлер жолдан шығып кеткен Shacman көлігін байқап, алғашқы көмек көрсетті
Атырау облысында полиция қызметкерлері рөлде келе жатып есінен танып қалған жүк көлігінің жүргізушісіне дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 12 сәуір күні Атырау – Құлсары тас жолында болған.
Атырау облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Мақат ауданынан қызметтік іссапардан қайтып келе жатып, жол шетіне шығып кеткен Shacman жүк көлігін байқайды.
«Полицейлер бірден тоқтап, жүргізушінің ес-түссіз жатқанын анықтады. Олар жедел түрде алғашқы көмек көрсетіп, бір мезетте жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер келгеннен кейін 43 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін мамандарға тапсырылды», – делінген хабарламада.