12.04.2026, 21:12
Жаңалықтар
Едіге Қасымбек Бішкектегі Азия чемпионатында алғашқы жүлдесін жеңіп алды
19 жастағы қазақстандық ересектер арасындағы жарыста жүлдегер атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бішкекте өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында 19 жастағы Едіге Қасымбек аса ауыр салмақта қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үшінші орын үшін белдесуде ол Азия ойындары мен Азия чемпионатының жүлдегері атанған тәжірибелі қытайлық балуанды 8:7 есебімен жеңді.
Бұл Қасымбек үшін ересектер арасындағы құрлықтық біріншіліктегі алғашқы жүлде болды. Бұған дейін ол жастар арасында (U20) әлем чемпионы атанып, халықаралық деңгейде өзін танытқан еді.
Қазақстанның еркін күрес құрамасы турнирді екі қола медальмен аяқтады. Екінші жүлдені 92 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков иеленді.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты