Тұман, жел, найзағай: 11 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның 14 қаласында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Батыста кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы мүмкін.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +20…+22°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +12…+14°C.
Ақтөбеде бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ауа температурасы түнде -1…+1°C, күндіз +11…+13°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +21…+23°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +14…+16°C.
Қызылордада ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -2…0°C, күндіз +10…+12°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -2…0°C, күндіз +10…+12°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -2…0°C, күндіз +10…+12°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +19…+21°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +22…+24°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай және екпінді жел болады. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C.