«Қорқынышты фильмнің кадрлары сияқты»: Атырау облысындағы жол апатынан бір адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға түсті
Үш науқастың жағдайы ауыр
«Астрахань – Атырау» тас жолының 843-шақырымында Toyota Prado мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бір жолаушы қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құрманғазы ауданында болған осы жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 адам зардап шекті. Олардың үшеуі медициналық тексеруден кейін амбулаториялық ем алуға жіберіліп, үйлеріне қайтарылды, ал қалған жетеуі аудандық ауруханаға жатқызылды. Үш науқастың жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы тұрақты. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.
Еске салайық, 5 сәуір күні Астрахань – Атырау тас жолының 843-шақырымында Toyota Prado мен Toyota Camry қатысқан жол апаты болған. Бір жолаушы қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алған.
Полиция жүргізушілерді мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.