06.04.2026, 17:30
Жаңалықтар
ШҚО-да кәріз құдығын тазалап жатқан үш жұмысшы уланып қалды
Олар ауруханада жатыр
Фото: gov.kz
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауылында кәріз құдығын тазалап жатқан үш жұмысшы газдан уланып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Глубокое ауданы ТЖБ бастығы Константин Боровиков пен аудан әкімі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы Темірлан Кеңесқанов оқиға орнына бірінші болып келіп, құдықтан екі зардап шеккенді шығарды.
Тағы бір ер адам өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған. Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханада жатыр.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды