Астанада бір топ бала аулада тұрған көліктің үстіне шығып, күл-талқанын шығарды (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Астанада бір топ бала аулада тұрған көліктің үстіне шығып, күл-талқанын шығарды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада Қосшығұлұлы көшесіндегі аулалардың бірінде тұрған жеңіл көлікті балалар қиратып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видеоға назар аударсақ, бірнеше бала көліктің капотына шығып алып, секіріп, алдыңғы терезесін тепкілеп сындырған. Сол сияқты басқа да көліктердің бүлінгені хабарланды.

Қалалық Полиция департаменті болған жағдайға қатысты агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

«Полиция қызметкерлері Қосшығұлұлы көшесінде болған бөтеннің мүлкін бүлдіру фактісіне қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтады.

Кәмелетке толмағандардың жасын ескере отырып, олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды», – делінген ПД мәліметінде.