06.04.2026, 12:41
Жаңалықтар
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды
Ол моңғолиялық боксшыға есе жіберді
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Моңғолия өкілі Билгуунсайхан Хархуумен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Махмұд Сабырхан Азия біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы