Қазақстанда алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауады: синоптиктердің болжамы жарияланды
«Қазгидромет» болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде тұрғындар көктемге тән құбылмалы ауа райын сезінеді. Жаңбыр жауады, солтүстікте және солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыста және оңтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, ал солтүстікте жауын-шашын мол болады.
«Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, батыста және оңтүстікте бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі», – делінген ауа райы болжамында.
Мамандардың мәліметінше, елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +3 және +15 градусқа дейін төмендейді.