Әзербайжанда электронды темекілерге тыйым салынды

Тәртіп күшіне енді

Әзербайжанда электронды темекілерге тыйым салынды
Фото: istockphoto.com

2026 жылғы 1 сәуірден бастап Әзербайжанда электронды темекілерге толық тыйым салынды: оларды импорттау, экспорттау, өндіру, сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату, сондай-ақ пайдалану заңмен тыйым салынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өзгерістерді президент Ильхам Әлиев қол қойған «Темекі және темекі өнімдері туралы» заң бекітеді.

Электронды темекі – никотині бар немесе жоқ бу арқылы дем алуға арналған құрылғы. Ал темекі стиктері мен қыздырылатын темекі өнімдері бұл санатқа жатпайды.

Заңда қыздырылатын темекі өнімдері бөлек анықталған: олар – құрамында темекі және қосымша компоненттер бар, жанбай қыздырылған кезде пайда болатын аэрозоль арқылы ағзаға түсетін өнімдер.

Тыйымды бұзғаны үшін айыппұлдар қарастырылған: жеке тұлғаларға – 350-ден 500 манатқа дейін, лауазымды тұлғаларға – 1650-ден 2200 манатқа дейін, ал компанияларға – 4000-нан 5000 манатқа дейін. Қоғамдық орындарда, көшеде немесе тыйым салынған аймақтарда электронды темекі қолдану 30 манат айыппұл салуға әкеледі.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылғы 20 маусымнан бастап вейптерді, оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді сатуға, импорттауға, өндіруге және таратуға заңды түрде тыйым салынды