01.04.2026, 14:10
Жаңалықтар
Қазақстанда сәуір айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктердің болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК сәуір айының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синпотиктердің мәліметінше, кезеңнің басында еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады. Ал батыс өңірлерге оңтүстік циклон әсер етіп, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Циклон шығысқа қарай жылжыған сайын, солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда найзағайлы жаңбыр жауып, кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі. Жел күшейеді, күндіз солтүстік-батыста бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасы:
- солтүстік-батыс пен солтүстікте +15…+25°С-тан +12…+20°С-қа дейін төмендейді;
- оңтүстікте +27…+32°С-тан +18…+25°С-қа дейін төмендейді;
- батыста +13…+20°С-тан +18…+25°С-қа дейін жоғарылайды;
- шығыста +18…+26°С-қа дейін көтеріледі;
- орталықта +15…+25°С шамасында сақталады;
- оңтүстік-шығыста +25…+30°С болады.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті