Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: 6 адам жарақат алды

Боралдай–Шамалған өткеліндегі апаттан кейін зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: 6 адам жарақат алды
Фото: жасанды интеллект

Алматы облысында теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысып, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғасы Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы маңындағы теміржол өткелінде болған. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, көмір тиеген пойыз өткел арқылы өтіп бара жатқан сәтте маршрут автобусы жол бермей, соқтығысқан.

Салдарынан 6 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Олардың жағдайы дәрігерлер бақылауында.

Қазір аталған дерек бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар апаттың нақты себептері мен жауапкершілік мәселесін айқындауда.