28.03.2026, 20:25
Жаңалықтар
Түркістан облысында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
Ол 15 қаңтарда жоғалған
Фото: instagram / _volontery_shymkent_lider.kz
Түркістан облысында 15 қаңтардан бері із-түзсіз кеткен 53 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider еріктілері хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еріктілер ер адамның денесі қандай жағдайда табылғанын нақтыламады. Белгілі болғандай, 1973 жылы туған Асан Өтеев шамамен сағат 14:00-де Жаңабазар ауылындағы үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған.
Белгілері: бойы 160–165 сантиметр, көзі қоңыр.
Үстінде сары комбинезон, қара күрте, көк джинсы шалбар, қара түсті бас киім болған, аяғында галош киген.
Бұған дейін Қостанайда жоғалып кеткен 17 жастағы студенттің де өлі күйінде табылғаны айтылған болатын.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды