Қалмұрзаның алаңнан қуылуы қымбатқа түсті: Қазақстан ірі есеппен ұтылды

Қақпашының алаңнан кетуі Украинаға қарсы матчтың тағдырын шешті

Қалмұрзаның алаңнан қуылуы қымбатқа түсті: Қазақстан ірі есеппен ұтылды
Фото: instagram.com/kallmurza

19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуінің элиталық кезеңінің екінші турында Украинадан 0:3 есебімен жеңілді. Ойын Румынияның Буфте қаласында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Матчтың 30-минутында Қазақстан құрамасының қақпашысы Шерхан Калмұрза айып алаңының сыртында қарсыласқа өрескел қарсы ойнағаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Оның орнына қақпаға Саятхан Құсайынов шықты.

Осыдан кейін Украина құрамасы 44-минутта есеп ашты. Екінші таймда Каменский мен Богданов тағы екі гол соғып, есепті ірі айырмашылыққа жеткізді.

Айта кетейік, бірінші турда Қазақстан құрамасы Румынияны сенсация жасап, 2:0 есебімен жеңген еді. Келесі матчта Сергей Лабодовский шәкірттері Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы ойнайды. Топтан тек жеңімпаз ғана Еуро-2026 финалдық кезеңіне жолдама алады.