$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді

Үш қалада жүздеген референдум учаскесі бар

Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
Фото: Azattyq Rýhy; Астана, Алматы, Шымкент әкімдіктерінің баспасөз қызметі

Қазақстандағы үш ірі мегополис – Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында референдумда дауыс бергені туралы мәлім етті.

«Бүгін таңертең Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан өз сайлау учаскемде дауыс бердім. Қала бойынша барлығы 501 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Елорда тұрғындарының ыңғайлылығы үшін арнайы іздеу қызметі іске қосылған. Оның көмегімен әр азамат өз сайлау учаскесі мен мекенжайын біле алады.

Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысымды білдіремін», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген республикалық референдумда дауыс берді. Қалада дауыс беруді ұйымдастыру үшін таңғы 7:00-ден бастап барлығы 653 референдум учаскесі ашылды. Олар белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Заңнама талаптарына сай өтіп жатқан дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Учаскелер жұмысы аяқталғаннан кейін референдум қорытындыланады.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық референдумға қатысып, өз дауысын берді. Мегаполис басшысы «Түркістан» сарайында орналасқан №231 референдум учаскесінде дауыс берді.