$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жоғары деңгейде өтіп жатыр»: ШЫҰ өкілі Қазақстандағы референдумның жұмысына баға берді

Ол өз сөзінде бірқатар референдум учаскесінің дайындығын қарап шыққанын қозғап өтті

«Жоғары деңгейде өтіп жатыр»: ШЫҰ өкілі Қазақстандағы референдумның жұмысына баға берді
Фото: Видеодан скрин

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) бас хатшысының орынбасары Олег Копылов Қазақстанда өткізіліп жатқан референдумның жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде бірқатар референдум учаскесінің дайындығын қарап шыққанын қозғап өтті.

«Астанаға келгеніміз үшін қуаныштымыз. Меніңше, ШЫҰ осымен Қазақстанда бақылаушы ретінде 16-мәрте миссиясын орындап отыр.

Жұмысымызға байланысты тоқталар болсам, негізі кеше басталды. Астана мен Ақмола облысындағы бірқатар референдум учаскесіне барып, техникалық дайындығын қарап шықтық. Оның деңгейін жоғары деп бағалаймыз. Бүгін таңғы 07:00-ден бастап бірқатар учаскенің ашылуымен жұмысызды бастадық.

Жалпылай айтқанда, ұйымдастырылуы, техникалық дайындығы жоғары деңгейде. Міне, бар айтарым осы», – дейді Олег Копылов.