$ 486.2  557.82  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Азаматтар сауалнамаға қатысу туралы өтінішімізге оң қарап, белсенді жауап беріп жатыр - Мұрат Әйгерім

Сауалнама ерікті түрде өтеді 

Азаматтар сауалнамаға қатысу туралы өтінішімізге оң қарап, белсенді жауап беріп жатыр - Мұрат Әйгерім
Фото: depositphotos

Жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берушілер арасында экзит-полл жүріп жатыр. Бұл туралы «Социс-А» зерттеу компаниясының супервайзері Мұрат Әйгерім айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның сөзінше, компания қызметкерлері дауыс беру учаскелерінің маңында жұмыс істеп, дауыс беріп шыққан азаматтар арасында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізеді.

«Біздің жұмысымыз - дауыс беру күні экзит-поллды ұйымдастырып, өткізу. Қазіргі уақытта қызметкерлеріміз учаскелердің жанында дауыс беріп шыққан азаматтар арасында сауалнама жүргізіп жатыр», - деді ол.

Супервайзердің айтуынша, сауалнамаға республикалық референдумда дауыс берген кәмелетке толған азаматтар ғана қатысады. Сауалнама ерікті түрде өтеді. Респонденттерден жеке деректер сұралмайды, ал алынған ақпарат тек зерттеу мақсатында пайдаланылады.

«Барлық ақпарат автоматтандырылған жүйе арқылы компанияның ақпараттық орталығына жіберіледі. Деректер анонимді түрде және жалпыланған форматта өңделеді. Сондықтан азаматтар ақпараттың қауіпсіздігі мен құпиялылығы үшін алаңдамауына болады», - деді Мұрат Әйгерім.

Сондай-ақ ол азаматтардың белсенділігі мен ашықтығын атап өтті.

«Дауыс беріп шыққан көптеген азаматтар сауалнамаға қатысу туралы өтінішімізге оң көзқарас танытып, белсенді түрде жауап беріп жатыр», - деді супервайзер.