$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.07.2020, 23:22
Жаңалықтар

Түркістанға Өзбекстаннан 1,5 млн-нан астам құты дәрі әкелінді

Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі сатып алынған

Түркістанға Өзбекстаннан 1,5 млн-нан астам құты дәрі әкелінді

Бүгін Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі әкелінді деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нақтыласақ, аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі – 1 млн 420 мың құты, дексаметазон инъекцияға арналған ампулалары – 100 мың дана, Аспирин – 30 мың құты.

Препараттарды қабылдап алуға облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов, сондай-ақ, қалалық емханалардың бас дәрігерлері қатысты.


«Бүгін көршілес мемлекеттен облыстағы науқастарға пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келіп отыр. Бұлар облыстағы медициналық ұйымдарға, қалғаны дәріханаларға таратылады. Бұл көмек 2 айға дейін облыстағы науқастарды емдеуге жеткілікті. Алдағы апта Түркия елінен қосымша тағы дәрі-дәрмек қоры жіберіледі. Жалпы облыс әкімдігі халықты қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 500 млн қаражат бөліп отыр», - деді Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Орынбасарұлы.

Серіктес жаңалықтары