Алматыдағы таулы-орманды өлкеде 215 өрт тіркелген
Құрғақ шөптің жануы тұрғындардың пикник ұйымдастыруынан кейін болған
Алматының таулы-орманды аудандарында құрғақ шөптердің жануының 215 оқиғасы тіркелді. Өрт қаупі әлі де сақталуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер енгізген шектеу шараларына сәйкес, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларға тыйым салынған. Бірақ, мегаполис тұрғындары табиғатта жаппай демалыс пен пикниктер ұйымдастырып қана қоймай, қауіпсіздік ережелерін де сақтамайды. Төтенше жағдайлар департаменті мен Табиғатты қорғау полициясы екі күндік демалыста рейд жүргізіп, 15 алматылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған хабарламада.
Рейд барысында Іле-Алатауы Ұлттық табиғи паркінің аумағында 17 адамнан тұратын компанияның ыстық тамақ пен кәуап дайындау үшін тыйым салынған жерге от жаққаны анықталды. Сонымен қатар Медеу табиғи паркінің аумағында жаппай серуендеуге шығып, рұқсат етілмеген жерге самаурын қайнатып, кәуап жасау үшін от жаққан жеке тұлғаларға 13 әкімшілік хаттама толтырылды.
«ТЖ Департаменті мен Табиғатты қорғау полициясы бірлесіп жүргізген патрульдеу жұмыстары басталғалы бері таулы-орманды жерлерде ашық от жаққандары үшін 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 277 мың 800 теңге айыппұл салынған. Орман өрті мен пандемияның таралуын азайту мақсатында қазір «Еріктілер лигасы» еріктілерімен бірлесіп жадынама тарату жалғасып жатыр», - дейді ТЖД өкілдері.