Күн жылынады: 2 наурызға арналған ауа райы болжамы белгілі болды
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, орталық пен шығыста күн ашық болады
Синоптиктер 2 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етіп, жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Метеорологтардың болжауынша, Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, солтүстікте қар күтіледі. Тек орталық және шығыс өңірлерде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, батыс, солтүстік және оңтүстіктің таулы аймақтарында жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.
Қалалар бойынша болжам:
Астана: Ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз қар, жаяу бұрқасын. Жел екпінді. Түнде -20…-22°C, күндіз -6…-8°C.
Алматы: Ауыспалы бұлтты, күн соңында жауын-шашын (көбіне жаңбыр). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Түнде -7…-9°C, күндіз +3…+5°C.
Шымкент: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар. Түнде және таңертең тұман. Түнде 0…-2°C, күндіз +10…+12°C.
Ақтау: Бұлтты, түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ. Түнде шамамен 0°C, күндіз +3…+5°C.
Ақтөбе: Бұлтты, аздаған жауын-шашын (көбіне қар). Түнде -4…-6°C, күндіз 0…-2°C.
Атырау: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -4…-6°C, күндіз +3…+5°C.
Жезқазған: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -11…-13°C, күндіз -4…-6°C.
Қарағанды: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -18…-20°C, күндіз -8…-10°C.
Көкшетау: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта қар, жаяу бұрқасын. Күндіз жел екпінді. Түнде -19…-21°C, күндіз -5…-7°C.
Қонаев: Ауыспалы бұлтты, күн соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Күндіз жел екпінді. Түнде -8…-10°C, күндіз +2…+4°C.
Қостанай: Бұлтты, қар, жаяу бұрқасын. Түнде -9…-11°C, күндіз -4…-6°C.
Қызылорда: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Көктайғақ. Түнде -9…-11°C, күндіз -2…-4°C.
Павлодар: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30°C, күндіз -10…-12°C.
Петропавл: Бұлтты, қар, жаяу бұрқасын. Түнде -21…-23°C, күндіз -8…-10°C.
Семей: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -26…-28°C, күндіз -10…-12°C.
Талдықорған: Ауыспалы бұлтты, күннің екінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең кей уақытта тұман. Түнде -22…-24°C, күндіз -2…-4°C.
Тараз: Ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, көктайғақ. Түнде -1…-3°C, күндіз +1…+3°C.
Түркістан: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде 0…-2°C, күндіз +8…+10°C.
Орал: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.
Өскемен: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30°C, күндіз -10…-12°C.