$ 497.56  586.92  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа байланысты елдегі әуе рейстері тоқтады

Тағы жеті рейс кері қайтарылды

Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа байланысты елдегі әуе рейстері тоқтады
Фото: © istockphoto.com

Қазақстандық Air Astana және FlyArystan әуекомпаниялары Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Таяу Шығысқа жоспарланған рейстерін тоқтатты. Тағы жеті рейс кері қайтарылып, басқа қалаларға бағытталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«KC263 Алматы — Медина, KC897 Алматы — Дубай, KC653 Алматы — Доха, сондай-ақ KC205 және KC207 Астана — Дубай рейстері ұшу әуежайларына қайтарылды. KC899 Алматы — Дубай рейсі Делиге бағытталды. FlyArystan-ның FS7617 Ақтау — Дубай рейсі қосалқы әуежайға қонды», — деп хабарлады әуекомпаниялар. 

Әуекомпаниялар ұшу және қону уақыты өзгеруі мүмкін екенін ескертіп, жолаушыларға рейстердің мәртебесін мұқият тексеруді ұсынды. Жидда, Медина және Дубай бағыттары бойынша билеттерді 6 наурызға дейін (қоса алғанда) сатып алынған жері бойынша қайтаруға рұқсат етілді.

Бұған дейін Иранның жеті қаласында жарылыстар болып, Тегеран бұған жауап ретінде Израильге зымырандар ұшырған еді.  Дональд Трамп АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын растады.