$ 497.56  586.92  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында жолда қалған алпыс жолаушы құтқарылды

Ондаған адам аязды күні далада қалып қойған

Абай облысында жолда қалған алпыс жолаушы құтқарылды
Фото: © freepik.com

Абай облысында полицейлер Қызылорда – Семей пойызымен келген 60 жолаушыны шұғыл түрде эвакуациялады. Ондаған адам аязды күні далада қалып қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

28 ақпан күні пойыз Шар қаласындағы теміржол бекетіне тоқтаған. Жолаушылар Шығыс Қазақстан облысына жұмысқа орналасу үшін бет алған. Алайда Омбы – Майқапшағай тас жолының жабылуына байланысты Семейден шығуы тиіс қызметтік көліктер жете алмаған.

Далада қалған азаматтар «102» нөміріне хабарласқан.

«Көмек туралы қоңырау түскеннен кейін 7 минут ішінде оқиға орнына учаскелік инспектор Серік Архат жетті. Ол жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды Шар қаласындағы спорт кешеніне, арнайы ашылған жылыту пунктіне жеткізуді ұйымдастырды», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Полицейлер жолдың ашылуын және көлік қозғалысының қалпына келуін де өз бақылауына алды.