$ 497.56  586.92  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Димаш Құдайберген қырғыз халқының ұлттық аспабында ойнап көрді

Көрші елдің тұрғындары бейнежазбаның астына жылы лебіздерін жаудырды

Димаш Құдайберген қырғыз халқының ұлттық аспабында ойнап көрді
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлеуметтік желілерде әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қырғыздың ұлттық аспабы, қомызда ойнап жатқан бейнежазбасы тарап жатыр. Музыканттың талантына тәнті болған көршілес елдің тұрғындары бейнежазбаның астына жылы лебіздерін жаудыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Димаш ағам қомызымды шертіп көрді»

Бұл жазбаны қырғыздың танымал әншісі әрі музыканты Нурчолпон өз парақшасында жариялады. Оның айтуынша, бұл сәт қазақ этно-ауылындағы түсірілім кезінде болған.

«Димаш ағам менің қомызымда ойнап көрді. Қазақ этно-ауылында мен қырғыздың ұлттық аспабымен «Жан эркем» әнін орындадым. Көрерменнің біздің аспаптың үнін жылы қабылдағаны маған ерекше әсер етті», — деп жазды Нурчолпон.

Айта кетейік, Нурчолпон Димаш Құдайберген продюсерлік ететін халықаралық музыкалық реалити-шоудың қатысушысы. Жобаның түсірілімдері Қазақстан мен Қытайда өткен. Ауқымды тележоба 2026 жылы экранға шығады.

Димаштың қомыз тартқан сәті қырғызстандық тыңдармандарды шабыттандырып, екі елдің мәдениетіне деген құрметті арттырды. Желі қолданушылары: «Нағыз талант иесі», «Бауырлас халықтардың достығы мәңгі болсын» деген пікірлер қалдыруда.

Жақын арада Нурчолпон Түркістанда өткен екінші өнер көрсетуін жариялайтынын мәлімдеді.