Елордада жол жөндеуге байланысты бірнеше көше жабылады

Әкімдік өкілдері жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұрады

Елордада жол жөндеуге байланысты бірнеше көше жабылады
Фото: ашық дереккөзден

Елордада жол жөндеуге байланысты бірнеше көше жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 14 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойынша Шарль де Голль көшесінен Ж. Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен А. Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілетін болады.

11-25 шілде аралығында Бейбітшілік көшесі бойынша Есенберлин көшесінен Бөгенбай даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жүргізіледі.

Сонымен қатар қаланың 9 тұрғын алабында жұмыстар жүргізуге қаржы бөлінген:

Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жағы)

1) Арганаты көшесі, Келес көшесінен Қалба көшесіне дейін

2) Келес көшесі, Ақыртас көшесінен Қалба көшесіне дейін

3) Сайрам көшесі,Балқантау көшесінен Таскескен көшесіне дейін

Промышленный тұрғын алабы

1) Қапал көшесі,Төлебаев көшесінің соңына дейін

Агроқалашық тұрғын алабы

1) Тайсойған көшесі, Жалын көшесінен Суворов көшесіне дейін

2) Атакент көшесі, Шубин көшесінен Тамшалы көшесіне дейін

3) Проезд №52 көшесі, Оқжетпес көшесінің соңына дейін

4) Бесағаш көшесі, Проезд №52 көшесінен Оқжетпес көшесіне дейін

5) Қашаған көшесі, Жәлил көшесінен Шыршық көшесіне дейін

Өндіріс тұрғын алабы

1) Ақшағыл көшесі, Кеншілер көшесінің соңына дейін

2) Мусорский көшесі, Киелісай көшесінің соңына дейін

3) Киелісай көшесі, Саржайлау көшесінен Мусорский және Бестау көшесіне дейін

4) Бестау көшесі, Киелісай көшесінен С. Әлиұлы көшесіне дейін

5) Кеншілер көшесі, Кеншілер көшесінен Ақшағыл көшесіне дейін

Көктал-1 тұрғын алабы

1) Басықара батыр көшесі, Таңжарық көшесінің соңына дейін

2) Сонар көшесі А. Үлімжіұлы көшесінен Кербезқыз көшесіне дейін

3) Сырғалы көшесі, А. Үлімжіұлы көшесінен Кербезқыз көшесіне дейін

4) Кербезқыз көшесінің соңына дейін

5) А. Үлімжіұлы көшесі, Кенжин көшесінің соңына дейін

Кирпичный тұрғын алабы

1) Арқалық көшесі, Ойыл көшесінен солтүстік айналма жолға дейін

2) Көксеңгір көшесінен Көкбастау көшесіне дейін

3) Жасылот көшесі, Көксеңгір көшесіне дейін

Ақбұлақ тұрғын алабы (Энергетиктер)

1) Әлқиса көшесі, А. Тоқпанов көшесінен Амман көшесіне дейін.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары көлік кептелісін болдырмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деді басқарма өкілдері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.