$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2020, 04:19
Жаңалықтар

Шекара қызметі халықтың дәрі-дәрмекті жеке мақсатта әкелуіне кедергі жасамайды - ҰҚК

ҰҚК дәрі-дәрмектің заңсыз ұсталуы туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Шекара қызметі халықтың дәрі-дәрмекті жеке мақсатта әкелуіне кедергі жасамайды - ҰҚК
Фото: ашық дереккөзден

Шекара қызметі дәрі-дәрмекті жеке мақсатта алып келуге кедергі жасамайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желіде «Үрлі төбе» өткізу бекетінде дәрі-дәрмекті заңсыз ұстады» деген ақпараттың таралуына қатысты мынаны мәлімдейді: Шекара қызметі 9 шілдеде шекаралық бақылау кезінде тауар құжаты жоқ түрлі атаудағы 311 орауыштағы дәрілік препараттарын ұстағандығын хабарлайды. Дәрілер атауы бойынша пакеттерге оралып, екі жол сөмкесіне салынған», - делінген хабарламада.

Дәріні өткізуші адам дәрілік препараттардың қайдан шыққанын және кімге арналғанын түсіндіре алмаған.

«Әкелудің заңдылығын анықтау үшін құзыреттілігі бойынша дәрілік препараттар Павлодар облысы Экономикалық тергеу департаментіне берілді, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздік бақылау департаменті хабардар етілді», - делінген хабарламада.

Шекара қызметі халықтың дәрі-дәрмекті жеке мақсатта алып келуіне кедергі жасалмайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары