$ 501.75  591.96  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда әлеуметтік желі арқылы 3 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды

Әлеуметтік желі арқылы сенімге кіріп, қаржы жымқырған әрекет әшкереленді

Атырауда әлеуметтік желі арқылы 3 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды
Фото: gov.kz

Атырауда әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды алдап, шамамен 3 млн теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан ер адамның әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №75 мекемесінің қызметкерлері Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген.

Жедел шара барысында Атырау қаласының аумағында А. есімді азаматтың әлеуметтік желілерді пайдаланып, тұрғындардың сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен қаржы иеленгені анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген шығын көлемі шамамен 3 млн теңгені құрайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктінің заңға қайшы әрекеттері дер кезінде тоқтатылып, қылмыстық жолы кесілген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Ведомство өкілдері интернет кеңістігінде сақ болуға шақырады. Онлайн байланыстарда қырағылық таныту, күмәнді ұсыныстарға сенбеу және жеке қаржылық деректерді қорғау — кибералаяқтықтың алдын алудың негізгі тетігі.