25.02.2026, 14:46
Жаңалықтар
Павлодар облысында қою түтін басқан үйден екі бала құтқарылды
Екі бала құтқарып, тұрғын үйді өрттен аман алып қалды
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин
Павлодар облысының 112 пультіне Ертіс ауданындағы аттас ауылдағы үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, екіпәтерлі жеке тұрғын үйдің ағаш шатырының құрылымдары жанған.
Шақыру орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тұрғын уйге қосарланып салынған бөлменің төбесі жанып жатқандығын анықтады.
«Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 2011 және 2016 жылы туған балаларды құтқарып, өрт орнынан газ баллон шығарды. Бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді. Балаларға медициналық көмек қажет болмады.
Өрт жойылып, тұрғын үйге жалынның таралуына мүмкіндік берілген жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты