$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды

Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Алматы тауларында бірнеше турист қар астында қалып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы тауларында Медеу ауданының Титов асуында 3400 метр биіктікте төрт адамнан тұратын екі турист қар астында калып қойды. Олардың біреуі өздігінен шыға алды.

Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, «Барыс» РММ қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.

«Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Төтенше жағдайлар департаменті Алматының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін екені хабарланған.