22.02.2026, 21:16
Жаңалықтар
Өндірістегі қауіпсіздік тағы сынға түсті: СҚО-да жұмысшы ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Кызылжар ауданындағы өндіріс орнында жұмысшының қолын станок қысып қалды
Фото: istockphoto.com
Солтүстік Қазақстан облысының Кызылжар ауданындағы құс фабрикаларының бірінде қызмет барысында жұмысшының қолын өндірістік жабдық қысып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Qazaqstan Media таратқан мәліметке сәйкес, оқиға 22 ақпанда болған. Жабдықты жөндеу кезінде ер адамның қолы механикалық құрылғы, яғни станокқа тартылып кеткен. Салдарынан ол иық сүйегінің ашық сынуы түріндегі ауыр жарақат алған.
Дәрігерлердің бағалауынша, зардап шегушіде жарақаттық шок дамыған. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Ауыл тұрғыны шұғыл түрде көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 21:17
24 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды