$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таңғы дүмпу: Түркияда 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жерасты дірілі 9,39 шақырым тереңдікте болған, билік жағдайды бақылауға алған

Таңғы дүмпу: Түркияда 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді
Фото: istockphoto.com

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Малатия провинциясында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, Түркия Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпуінің ошағы Пютюрге аймағында тіркелген.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21 ақпан күні таңғы сағат 6:43-те болған. AFAD дерегінше, оның ошағы 9,39 шақырым тереңдікте орналасқан.

Ведомство жағдайдың бақылауда екенін және жер сілкінісінің ықтимал салдарын бағалау жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Мамандар өңірдегі ахуалды жіті бақылап отыр.