21.02.2026, 18:04
Жаңалықтар
Елімізде 22 ақпан күні ауа райы қандай болады
Бірқатар өңірде қалың қар жауады
Фото: © istockphoto.com
Синоптиктер 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, көрініс мүмкіндігі шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер мен солтүстік-батыс циклоны өз ықпалын сақтайды.
«22 ақпанда Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерінде қалың қар жауады. Бұл тас жолдардағы ахуалды қиындатып, көлік қозғалысын шектеуге себеп болуы мүмкін», — деп ескертті «Қазгидромет» мамандары.
Республиканың басым бөлігінде тұман, қатты жел және көктайғақ болады.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)