Айдос Сарым: Заң сапасы маңызды мәселе
Бүгін «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаң өтті
Бүгін «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаң өтті. Онда ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Конституциялық комиссия мүшесі Айдос Сарым заңның сапалы болуы неліктен өте маңызды екеніне тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шын мәнінде қазіргі заманда заңдарды өте тез, дер кезінде қабылдау қажет, екінші жағынан, саяси бәсекені арттыратын мүмкіндіктерді де қарастыруымыз керек. Заң сапасы маңызды мәселе. Қазіргі кезде біз үш оқылымды ұсынып отырмыз. Кей жағдайларда бұл бес-алты оқылымға дейін баруы мүмкін», – деді депутат.
Айта кетсек, дәл осы жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституцияның тек ең жоғары заң ғана емес, сонымен бірге өзіндік қоғамдық келісім екенін атап өтті.