21.02.2026, 17:08
Жаңалықтар
Алматыда қатты желден ағаштар жолға құлап жатыр
Зардап шеккендер жоқ
Фото: ТЖД
Алматыда соққан қатты желдің салдарынан Медеу ауданында ағаштар жолға құлаған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
21 ақпан, таңғы сағат 09:15-те «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» курортының арасындағы жолда (Горельник және «Апа-Катя» маңында) ағаш құлап, қозғалысқа кедергі келтірген.
Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметі мен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен.
«Құтқарушылар мен ұлттық парк қызметкерлерінің бірлескен күшімен жолдың жүру бөлігі жедел түрде тазартылды. Ешкім зардап шеккен жоқ», — делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта жолдар ашық, көлік қозғалысына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты