$ 489.3  578.94  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда мектеп оқушысы үйінде өлі табылды: тергеу амалдары басталды

Доссорда болған оқиғаға байланысты ҚК-нің 105-бабы бойынша іс қозғалды

Атырауда мектеп оқушысы үйінде өлі табылды: тергеу амалдары басталды
Фото: Polisia.kz

Атырау облысы Мақат ауданында 10-сынып оқушысы үйінде өлі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұл деректі облыстық Полиция департаменті растады. Қайғылы жағдай 17 ақпан күні Доссор кентінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2009 жылы туған қыз баланың денесі өз үйінен табылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Атырау облысы ПД мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы – өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары басталған.

Марқұм Доссор кентіндегі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы болған. Білім ордасы әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, ол шығармашылыққа бейім, мектеп өміріне белсенді қатысқан. Толық отбасында тәрбиеленген.

Оқиғадан кейін мектепте арнайы мобильдік топ құрылып, Атырау облыстық білім беру басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары басталды. Жағдай білім беру ұйымдары мен жауапты органдардың бақылауына алынған.

Құзырлы органдар істің түпкі себептерін анықтау бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.