18.02.2026, 09:50
Жаңалықтар
Қазақстанның бірқатар өңіріндегі тасжолда қар аралас жаңбыр жауады
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Фото: freepik.com
Қазақстанның бірқатар өңіріндегі тасжолда қар аралас жаңбыр жауатыны туралы болжам жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 18 ақпан күні Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр және қар күтіліп отыр.
Осы себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды