Ұлыбританияда 16 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желіні пайдалана алмауы мүмкін
Ол биылдан бастап енгізілуі мүмкін
Ұлыбританияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін, деп жазады The Times үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасап. Шектеу шаралары биылдың өзінде күшіне енуі ықтимал, деп жазады Azattyq Rýhy.
Шектеу аясында жасанды интеллект боттарын пайдалану, телефондарды белгілі бір уақыт аралығында қолдануға шектеу енгізу немесе «тәуелділік тудыратын функцияларды» қысқа бейнероликтерді көру мен шексіз лента айналдыруды шектеу қарастырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, «порнографияға заңсыз қол жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін» виртуалды жеке желілерге (VPN) қолжетімділікке де тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл шаралар жазда өтетін қоғамдық консультациялар аяқталғаннан кейін енгізілуі мүмкін.
2025 жылдың соңынан бері бірқатар елдің билігі жасөспірімдердің интернетті пайдалануына шектеу енгізу мүмкіндігін мәлімдеп келеді. Бұл бастама Австралия 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерге қол жеткізуге заңнамалық тұрғыда тыйым салған алғашқы ел атанғаннан кейін көтерілді. Заңға сәйкес, ең ірі 10 платформа кәмелетке толмағандарды бұғаттауға міндетті. Талапты бұзған жағдайда 49,5 млн австралиялық долларға дейін айыппұл салынады.
Биыл 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеуге бағытталған заң жобаларын әзірледі.