$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бектенов Астанада газбен жұмыс істейтін жылу орталығын аралап көрді

Оған Жеңіс Қасымбек қаланы жылумен қамтудың барысы туралы есеп берген

Бектенов Астанада газбен жұмыс істейтін жылу орталығын аралап көрді
Фото: primeminister.kz

Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов Астанада газбен жұмыс істейтін үшінші жылу электр орталығына барып, қаладағы жылу маусымының барысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, премьер-министр орталықтың негізгі жабдықтарын қарап шыққан.

«Жеңіс Қасымбек хабарлағандай, биыл жобаның 1-ші кезегі толық аяқталатынын, 2-ші кезегін жүзеге асыру жоспарлар туралы айтып берген. Қазір жылу электр орталығы қаланың бұған дейінгі энергия тапшылығын толығымен жабады және өсіп келе жатқан қажеттіліктерді ескере отырып, артық қор қамтамасыз етеді. ЖЭО-3 сағатына 440 Гкал жылу өндіреді, ол Ш. Айтматов көшесі, Ұлы Дала, Тұран даңғылдары бойындағы және тағы да басқа перспективалы құрылыс аудандарына беріледі», - деп хабарлайды үкіметтің сайты.