$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 2,7 млрд теңгеге салынған бетон бөгетті белгісіз біреулер бұзып кеткен

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда

Шымкентте 2,7 млрд теңгеге салынған бетон бөгетті белгісіз біреулер бұзып кеткен
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте Бадам өзені жағалауында 2,7 млрд теңгеге салынған бетонды бөгетті белгісіз біреулер бұзып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, қазір жағдай тұрақты және бақылауда. Маңайда тасқын қаупі жоқ, өзен штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Көктем мезгілінде су деңгейі көтерілетінін ескере отырып, өткен жылы тасқын қаупін азайту мақсатында өзен жағалауын нығайту жұмысы жүргізілген болатын. Жалпы ұзындығы 5,3 шақырымды құрайтын жағалау бекітіліп, жоба желтоқсан айында толық аяқталды. Аталған жұмысқа 2,7 миллиард теңге қаражат бөлінді.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, Игілік, Жаңаталап және Көкбұлақ елді мекендері тұсында өзен арнасы реттеліп, жағалауы бетондалған. Бұл шаралар елді мекендерді су басу қаупінен қорғауға бағытталған.

«Белгісіз тұлғалардың өзен арнасынан заңсыз тас қазып алуы салдарынан гидротехникалық құрылыс нысанына зиян келтірілген. Нәтижесінде бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінген. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтау жұмысын жүргізіп жатыр.

Мамандардың хабарлауынша, зақымданған аумақ мердігер мекеменің есебінен қалпына келтіріледі. Айта кету қажет, жобаның кепілдік мерзімі 7 жылды құрайды.

Жалпы жағдай тұрақты, өзен арнасы тұрақты бақылауда, тиісті қызметтер тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатыр», – делінген басқарма мәліметінде.