$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Далада бағытынан жаңылғандар аман табылды: Павлодарда 3 ауыл тұрғыны құтқарылды

Екібастұз маңындағы қырда адасқан ер адамдарды ТЖ қызметі жедел іздеп тапты

Далада бағытынан жаңылғандар аман табылды: Павлодарда 3 ауыл тұрғыны құтқарылды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында далада адасып кеткен 3 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Екібастұз қаласына қарасты аумақта болған. 112 шұғыл қызметіне облыс аумағындағы қырда 3 адамның бағытынан жаңылып, адасып кеткені туралы хабарлама түскен. Ақпарат бойынша, олар Төртүй ауылынан жаяу шығып, жолда бағдарын жоғалтқан.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Екібастұз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жедел жұмылдырылған. Құтқарушылар қысқа мерзім ішінде ер адамдарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Анықталғандай, тұрғындар өткен түні Екібастұздан 75 шақырым қашықтықта орналасқан Төртүй ауылынан жаяу шыққан. Алайда ашық далада бағытынан жаңылып, өз бетінше елді мекенге жете алмаған.

Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған. Қазір олардың өміріне қауіп жоқ.