$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Полиция өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болатынын мәлімдеді

Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында 30 қаңтардан бері хабарсыз кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, із-түзсіз жоғалғандар санатында тіркелген азаматшаның денесі анықталған.

Lada ақпарынша, алдын ала мәліметке сәйкес өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері дайын болғаннан кейін белгілі болады. Сондай-ақ қаза болу жағдайлары мен зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы да сараптама қорытындысымен нақтыланады.

Еске салсақ, әйел 30 қаңтарда жоғалып кеткен. Осы уақыт ішінде полиция қызметкерлері оны іздестіру бойынша кешенді шаралар жүргізіп, тәулік бойы жедел-іздестіру жұмыстарына тартылған.

Қазір аталған дерек бойынша барлық мән-жай анықталып, тексеру амалдары жалғасып жатыр.