12.02.2026, 11:46
Жаңалықтар
Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады
Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды
Фото: Olympic.kz
Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді жалғастыруда. Бүгін, 12 ақпанда, отандастарымыз спорттың төрт түрінен сынға түседі. Оның ішінде фристайл-могулдан ақтық сын да бар. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт түрі: Тау шаңғысы, супергигант (әйелдер)
- Қатысушы: Александра Скороходова;
- Басталу уақыты: 15:30.
Спорт түрі: Фристайл-могул, финал (ерлер)
- Қатысушы: Павел Колмаков;
- Басталу уақыты: 16:15.
Спорт түрі: Шаңғы жарысы, жеке уақыт бойынша жарыс (әйелдер)
- Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко;
- Басталу уақыты: 17:00.
Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты, 5000 метр (әйелдер)
- Қатысушы: Надежда Морозова;
Басталу уақыты: 20:30.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді