$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматының қақ ортасында есірткі зертханасын ашқандар қолға түсті

Алматы қаласында жасырын нарколабораториялардың қызметі тоқтатылды

Алматының қақ ортасында есірткі зертханасын ашқандар қолға түсті
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласында полиция қызметкерлері психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау және өткізу фактілері бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы Алматы қаласының аумағында жеке тұрғын үйлерде, арнайы жабдықталған үш жасырын есірткі зертханасының жұмысын қамтамасыз еткен тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасаған.

Зертханаларда психотроптық заттар күн сайын заңсыз айналымға шығару мақсатында дайындалып отырған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жасырын есірткі зертханаларының қызметі толықтай тоқтатылып, 7 адам ұсталды, заңсыз айналымнан психотроптық заттар тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды.

Ал қалған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот үкімімен кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген прокуратура хабарламасында.