$ 490.58  584.77  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұрлыққа жол ашқан салғырттық: СҚО-да бір айда 114 малшы жазаланды

Өңірде «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Ұрлыққа жол ашқан салғырттық: СҚО-да бір айда 114 малшы жазаланды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында түлігін қараусыз қалдырған мал иелеріне қатысты бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша малын еркін жайылымға жіберген 114 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мәліметінше, өңірде шамамен 900 000 бас төрт түлік бар. Мал мен ет өнімдерін бақылаусыз тасымалдау және сату ұрлық жасауға қолайлы жағдай туғызады. Осы тәуекелдерді азайту үшін облыста 10–12 ақпан аралығында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері ветеринариялық қызмет өкілдерімен бірлесіп, мал сату және сою орындарын тексеріп, автокөліктерді тоқтату арқылы құжаттардың заңдылығын қадағалауда. Сонымен қатар шаруашылықтар, фермерлік қожалықтар мен жайылымдық аумақтар ерекше бақылауға алынған.

Шекаралас аудандарда мал мен ет өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізудің алдын алу үшін көршілес мемлекеттердің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылған.