$ 491.88  585.83  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Боран мен көктайғақ: ел бойынша 20-дан астам жол учаскесі жабылды

ІМ жолға шығуды шектеуге және қауіпсіздік талаптарын күшейтуге шақырды

Боран мен көктайғақ: ел бойынша 20-дан астам жол учаскесі жабылды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы салдарынан автожолдардың 20-дан астам бөлігі уақытша жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрілігі Әкімшілік полиция комитетінің дерегінше, қозғалысқа енгізілген шектеулер Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарындағы трассаларды қамтып отыр. Шектеу шаралары қар, бұрқасын және көктайғақ күшеюіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Министрлік жүргізушілерге ауа райы жағдайына бейімделген жылдамдық режимін ұстанып, алдыңғы көлікпен арақашықтықты ұлғайту қажеттігін ескертеді. Қауіпті учаскелерде апаттық жарық сигналдарын қосып, күрделі маневрлар мен жолақ ауыстырудан бас тарту ұсынылады.

ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың мәліметінше, шұғыл қажеттілік болмаса, алыс сапарларды кейінге қалдырған дұрыс. Жолға шығу қажет болған жағдайда бағытты алдын ала жоспарлап, көліктің техникалық жай-күйін тексеру маңызды. Қабылданған сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының тәуекелін азайтып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.